«Универіңді таны!» жобасы: Робототехника зертханасы

    • АЛМАТЫ. 22 ақпан. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің базасындағы робототехника оқу зертханасы білім алушылардың интеллектісін дамытып, ой-өрісін кеңейту мақсатында ашылды.

      Lego, Аrduino және Raspberry роботтарымен, оқу-әдістемелік және бағдарламалық нұсқаулықтармен жабдықталған кешен болашақ педагогтардың робототехника бойынша ғылыми-техникалық шығармашылық қабілетін дамытуға жан-жақты мүмкіндік береді. Түрлі жиынтықтар арқылы студенттер теория мен тәжірибені ұштастырады, заманауи құралды жете меңгере түседі.

      Бүгінде университеттің «Информатика», «Физика», «Математика», «Физика-Информатика», «Математика-Информатика» мамандықтарының студенттеріне «Робототехника» пәні оқытылады. Сондай-ақ арнайы білім беру бағдарламасы да әзірленді.

      Университеттің басты мақсаты – педагогикалық білім беруді жаңғырту, педагог кадрларды даярлауды нығайту, орта білім жүйесінің сапасын көтеру, қала және ауыл оқушылары арасындағы оқу үлгерімінің алшақтығын төмендету. 

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com