«Дара университеттің даңқты түлектері» жобасы: Дина Хамзина



    • «Дара университеттің даңқты түлектері» жобасы: Дина Хамзина

       АЛМАТЫ. 22 ақпан. Баспасөз орталығы – Дина Хамзина – меццо-сопрано, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, белгілі опера солисі. 1972 жылғы 1 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының Жаңа жол ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының Музыкалық-педагогикалық факультетін бітірген.

      Дина Хамзина 1972 жылғы 1 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының Жаңа жол ауылында дүниеге келген. Меццо-сопрано, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, белгілі опера солисі.

      1994 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының Музыкалық-педагогикалық факультетін бітірген.

      Еңбек жолын өзі білім алған оқу орнының оқытушысы болып бастаған. 2000 жылдан бері Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрнының меццо-сопраносы, солисі. Осы жылдары өнерпаз түрлі халықаралық деңгейдегі байқауларға қатысып, шеберлігін шыңдай түседі. 2005 жылы К. Байсейітова атындағы республикалық әншілер конкурсының Гран-приіне ие болса, 2006 жылы Халықаралық романс орындаушылар конкурсының лауреаты атанады. Сонымен қатар Лос-Анджлесте өткен өнер шеберлерінің Әлемдік чемпионатында үш алтын, бір күміс медаль алады.

      Дина Хамзина Аналық (М. Төлебаевтың «Біржан-Сара»), Қамқа (Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек»), Қарлығаш (А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай»), Жанка (Е. Брусиловскийдің «Ер Тарғын»), Мерседес, Кармен (Ж. Бизенің «Кармен»), Азучена (Дж. Вердидің «Трубадур»), Полина (П. Чайковскийдің «Пиковая дама»), Ольга (П. Чайковскийдің «Евгений Онегин»), Лаура (П. Чайковскийдің Иоланта), Сузуки (Дж. Пуччинидің «Чио-Чио-Сан»), Зибель (Ш. Гуноның «Фауст») партияларын және Дж. Вердидің «Реквиемінде» мецц-партиясын, Маддалена («Риголетто»), Флора («Травиата») меццо-сопрано партияларын орындаған.

      Д. Мерекеқызының соңғы жылдары отандық және шетелдік театр сахналарында орындаған партиялары мен концерттік бағдарламалары оның орындаушылық өнерінің биіктігінің, өрісінің кеңдігінің дәлелі.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

       

        

      Бөлісу: