«Дара университеттің даңқты түлектері» жобасы: Гүлнұр Оразымбетова



    • «Дара университеттің даңқты түлектері» жобасы: Гүлнұр Оразымбетова

      АЛМАТЫ. 2 наурыз. Баспасөз орталығы – Гүлнұр Оразымбетова – эстрада әншісі. 1977 жылғы 8 мамырда Қызылорда облысының Арал ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының Музыка факультетін бітірген.

      Гүлнұр Оразымбетова 1977 жылғы 8 мамырда Қызылорда облысының Арал ауданына қарасты Қаратерең ауылында дүниеге келген. Әнші, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының Музыка факультетін бітірген.

      Ол 2000 жылы «Жас қанат» әншілер байқауының бас жүлдесін, сол жылы «Азия дауысы» халықаралық конкурсындағы «Қазақстанның жаңа әндері» байқауында үшінші орын иеленді. 2001 жылы Болгарияда өткен халықаралық музыкалық фестивалінде үздік үштікке табан тіреді.

      Гүлнұр Оразымбетованың репертуарындағы Рамазан Таймановтың «Қорқыт-қобыз», Бейбіт Оралұлының «Толғау», Сейфуллин Жолбарыстың «Сағыныш» және «Ойлаймын сені», С. Сыздықовтың «Қоштасу» сияқты қазақ халық және қазіргі композиторлардың әндері бар.

      «Алматыдай әсем қаладағы Гоголь көшесімен өтіп бара жатып, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің жанынан өткенде өмірімнің ең бір аяулы да қызықты сәттері көз алдыма елестейді. Есіме өнерге баулыған ұстаздарым, құрбы-құрдастарым түседі. Артта қалған студенттік жылдарға оралғандай әсер аламын. Бұл қарашаңырақтың орны бөлек. Мен үшін», – дейді Гүлнұр Оразымбетова білім алған оқу орны туралы.

      Мәдениет пен өнер – ұлттың ұлылығының өзегі, халықтың асыл қазынасы. Парасаты мен бет-бейнесі. Өркениетті мемлекет ең алдымен рухани мұраларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан қомақты үлесімен дараланбақ. Біздің факультетті күні бүгінге дейін мыңдаған түлек бітіріп, үлкен өмірге жолдама алды. Олардың арасында есімі елге танымал өнер қайраткерлері, мәдениет майталмандары бар. Ордалы оқу орны үшін танымал түлектер қатарының көп болуы – үлкен мақтаныш, зор абырой. Міне, сондай түлектердің қатарында Гүлнұр Оразымбетова да бар.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: