Бүгін – ғылым саласы қызметкерлерінің күні



    • Бүгін – ғылым саласы қызметкерлерінің күні

      АЛМАТЫ. 12 сәуір. Баспасөз орталығы – Бүгін Қазақстан Республикасы ғылым саласы қызметкерлерінің күні. Атаулы дата 2011 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бекітілді.

      Ғылым – мемлекет дамуының басты факторларының бірі.

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті педагог кадрларын даярлап қана қоймай, іргелі ғылымды дамытуға да елеулі үлес қосып келе жатқан оқу орны.

      Білім ордасында 500-ден астам жоғары санатты профессор-оқытушы қызмет атқарады. Олардың басым бөлігін білікті ғылым докторлары мен профессорлар, ғылым кандидаттары мен доценттер, PhD докторлары мен магистрлер құрайды.

      Сонымен қатар университетте заманауи құралдармен жабдықталған зертханалар кешені, диссертациялық кеңестер, студенттік ғылыми қоғам, Жас ғалымдар кеңесі, Әлеуметтік-гендерлік ғылыми-зерттеу институты және «Хабаршы» ғылыми журналы бар.

      Құрметті оқу орнының барша ғалымдары мен жас ізденушілері!

      Сіздерге іргелі ізденіс, толағай табыс пен Қазақстанның қарқындап дамуына үлес қосатын жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз!

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

       

      Бөлісу: