Шығармашылық байқау басталды



    • Шығармашылық байқау басталды

      АЛМАТЫ. 13 сәуір. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің магистранттары арасында «Ғылым болашағы. Әйел көрінісі» тақырыбында эссе байқауы басталды.

      Шығармашылық байқау «Ғылым апталығы» аясында ұйымдастырылып отыр.

      Сайыстың мақсаты – оқу орны магистранттарының ғылыми-шығармашылық сыни ойлау және академиялық жазу дағдыларын дамыту және жас ізденушілердің зияткерлік әлеуетін көтеру.

      Эсседе отандық ғылымның даму бағыты, ғылым саласындағы әйелдердің рөлі жан-жақты әрі кеңінен ашылуы тиіс.

      – «Ғылым болашағы. Әйел көрінісі» жалпы тақырыбына арналған байқауға ұсынылған шығармалар биылғы жылдың 16 сәуіріне дейін дейін жіберілуі тиіс. Жұмыстар project@kazmkpu.kz электронды поштасында қабылданады, – дейді байқау ұйымдастырушылары.

      Эссе көлемі 500-ден 1000 сөзге дейін. Шығарманы қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінің кез келгенінде ұсынуға болады.

      Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы сертификаттармен және сыйлықтармен марапатталады.

      «Ғылым болашағы. Әйел көрінісі» тақырыбында эссе байқауының ережесімен мына жерден таныса аласыз.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: