Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы сайланды

    •  

      АЛМАТЫ. 27 сәуір. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы сайланды. Кеңес төрағасы қызметіне Жаратылыстану институты директорының Ғылыми жұмыстар және инновация жөніндегі орынбасары, PhD Нұргүл Амангелді лайық деп танылды.

      Жас ғалымдар кеңесі ғылыммен айналысатын жастардың кәсіби өсуіне, олардың іргелі және қолданбалы зерттеулерге белсене қатысуына жәрдемдесу мақсатында құрылған. Сонымен қатар ұйым ғылыми білімді және соңғы ғылыми жетістіктерді насихаттауды да жүзеге асырады.

      Кеңестің қызметі 35 жасқа дейінгі оқытушылардың оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстарының тиімділігін және нәтижелілігін арттыруға бағытталған.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com