«Болашақ» бағдарламасы бойынша оқығың келе ме?



    • «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқығың келе ме?

      АЛМАТЫ. 29 сәуір. Баспасөз орталығы – «Болашақ» бағдарламасы бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау 4 мамыр күні басталып, 28 қазанға дейін жалғасады.

      Стипендиялар үш кезеңде – маусым, тамыз және қараша айларында тағайындалады.

      Алғаш рет «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін құжаттарды қабылдау және конкурстық іріктеу процестері толығымен автоматтандырылды.

      Үміткерге жеке кабинетінде бірегей код беріліп, ол барлық конкурстық іріктеу барысында пайдаланылады. Үміткердің жеке деректері де бірегей сәйкестендіру жүйесінің көмегімен кодталған.

      Байқаудағы іріктеу кезеңдерінің саны алтыдан үшке дейін қысқартылды. Іріктеу турлары кешенді тестілеу, тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелерімен жеке әңгімелесу және шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында құжаттарды қарау кезеңдерін қамтиды.

      Конкурстық іріктеуді жүргізу процестерін автоматтандыру Президенттік жастар кадр резервіне қабылдау тәжірибесі негізінде жүзеге асырылғанын айта кеткен жөн.

      «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының және шетелдік ұйымдардың тізіміне өзгерістер енгізілді. Биыл бұл тізім 207 жоғары оқу орнына дейін ұлғайтылды. 2020 жылы тізімдегі жоо саны 138 болатын.

      Тізімде үш халықаралық академиялық рейтингке кіретін және екі және одан да көп Халықаралық академиялық рейтингтің (QS, Times Higher Education (THE), Academic Rankings of World Universities (ARWU) алғашқы қатарындағы 27 елдің 207 шетелдік жоғары оқу орны бар. 

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: