Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады



    • Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

      АЛМАТЫ. 1 мамыр. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры міндетін атқарушы Нұрғали Аршабеков оқу орнының ұжымы мен студенттерін Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

      Құрметті әріптестер!

      Қымбатты білім алушылар!

      Баршаңызды ырыс пен ынтымақтың, бейбітшілік пен келісімнің мерекесі – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

      Бұл күні біз баға жетпес байлығымызды – туған ел игілігі жолындағы ырысты ынтымағымызды дәріптейміз.

      Біздің барлық жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің мызғымас тұғыры – татулық пен тұтастық. Түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақтың, бір тудың астынан табылып, бүгінгідей еңселі ел, іргелі мемлекет атандық.

      Түсіністік пен тұрақтылық – әрбір азамат атсалысып, әркімнің үлес қосуын талап ететін қастерлі құндылық. Осынау ақиқатты қалтқысыз ұғыну Отанымыз – Қазақстан Республикасында ұдайы бейбітшілік пен берекенің салтанат құруына септігін тигізеді.

      Қоғамымызда қазіргі кезде қолға алынып жатқан жүйелі жаңғыру үрдістері бірлігіміздің нығая түсуіне ықпал етіп, жаңа белестерді бағындыруымызға жол ашады деп сенемін.

      Баршаңызға зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке тілеймін!

      Нұрғали Аршабеков,

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры міндетін атқарушы

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: