Директорлар Кеңесінің отырысы өтті



    • Директорлар Кеңесінің отырысы өтті

       АЛМАТЫ. 13 мамыр. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Директорлар Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

      Басқосуды Кеңес төрағасы Омархан Өксікбаев ашып, отырыстың күн тәртібін жария етті.

      Жиында оқу орнының Басқарма төрағасы – Ректоры лауазымына конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалар ұсынған құжаттар қаралып, олардың университетті дамыту бағдарламалары тыңдалды.

      Айта кетейік, конкурсқа қатысуға 5 үміткерден құжаттар келіп түскен. Кеңес мүшелерінің жасырын дауыс беруі нәтижесінде республикалық комиссияның қарауына ұсынылған кандидатуралардың тізімі анықталды.

      Сондай-ақ жиында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессор-оқытушылары құрамы мен осыған сәйкес тұлғалардың лауазымдарына конкурстық алмастыру туралы ережесі бекітілді.

      Кеңес жұмысын Омархан Өксікбаев қорытындылап, күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданғанын айтты.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com 

      Бөлісу: