Қыздар университетін таңдаудағы 8 басты себеп



    • Қыздар университетін таңдаудағы 8 басты себеп

      АЛМАТЫ. 16 мамыр. Баспасөз орталығы – Қыздар университеті – отандық жоғары білім берудің флагманы.

      Дара дәстүрі бар оқу орны ғасырға жуық уақыт белесінде қазақ қыздарының шын мәнісіндегі шамшырағына айналды. Өзіндік кескін-келбетін қалыптастырды. Халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан дәстүрлер сабақтастығын жаңғыртты.

      Екінші дүниежүзілік соғыстың аласапыран уақтысында іргетасы қаланған бұл білім ордасының Қазақстанның педагог кадрларын даярлаудағы алатын орны айрықша үлкен. Себебі осы жылдар аралығында оқу орнын 60 мыңнан астам түлек бітіріп шықты. Олар ұлан-ғайыр Отанымыздың түкпір-түкпірінде еңбек етіп, сауатты да білімді ұрпақты даярлауға зор еңбек сіңірді. Ұлт педагогикасының дамуы жолында қажырлы қызмет атқарды.

      Бүгінде әлемде тек қана қыздар білім алатын жоғары оқу орындары саусақпен санарлықтай. Осы орайда бірегей білім ордасы ретінде еліміз бен әлемге кеңінен танымал болған оқу орны «Қыздар университеті» деген өзіндік брендін қалыптастырды.

      Біз бүгін назарларыңызға Қыздар университетін таңдаудағы 8 басты себепті ұсынамыз:

      Бірінші себеп – білікті профессор-оқытушылар құрамы;

      Екінші себеп – сапаға негізделген заманауи білім: бакалавриат, магистратура, докторантура;

      Үшінші себеп – қосдипломдық бағдарламалар;

      Төртінші себеп – 42 мың теңге көлеміндегі жоғары стипендия + тамақтандыру шығынын қаржылай төлеу;

      Бесінші себеп – жатақханамен 100% қамтамасыз ету;

      Алтыншы себеп – спорт кешендері мен заманауи үлгідегі зертханалар;

      Жетінші себеп – «Аққу» бассейні;

      Сегізінші себеп – 95% жұмыспен қамту.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

       

      Бөлісу: