Ажар Нақыпбек – республикалық олимпиада жеңімпазы



    • Ажар Нақыпбек – республикалық олимпиада жеңімпазы

       АЛМАТЫ. 20 мамыр. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 4 курс студенті Ажар Нақыпбек «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша өткен республикалық пәндік олимпиадада екінші орынға ие болды.

      Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде өткен білім сайысына қазақстандық жоғары оқу орындарының 100-ден астам студенті қатысып, бақтары мен баптарын сынады.

      Олимпиада онлайн форматта Microsoft Teams және Moodle платформалары арқылы өткізілді.

      – Білім сайысында Ажар Нақыпбек жоғары эрудицияны, теориялық және практикалық дайындығын жоғары деңгейде көрсете білді. Нәтижесінде 3 кезеңнің қорытындысы бойынша үздік атанып, екінші орынға ие болды, – дейді студенттің жетекшісі, Шет тілдерін оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушысы Гүлнар Ақан.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com 

      Бөлісу: