«Қыздар университетінде білім алу – мақсатқа жетудегі маңызды баспалдақ»



    • «Қыздар университетінде білім алу – мақсатқа жетудегі маңызды баспалдақ»

       АЛМАТЫ. 11 маусым. Баспасөз орталығы – Қайырлы күн, қымбатты достар! Менің есімім – Маржан. Мен Қыздар университетінің бакалавриатын, магистратурасы мен докторантурасын бітірдім. Қазір еліміздегі жетекші білім беру ұйымында қызмет атқарамын.

      Мен үшін бұл оқу орнының орны бөлек. Неге? Себебін айтайын.

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті – еліміздегі бірден-бір тек қыздар оқитын жоғары оқу орны. Орта Азия аймағында мұндай білім ордасы жоқ. Әлемде де саусақпен санарлықтай.

      Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов: «Тәңір жазса, бұл институт болашақ қазақ қыздарының шамшырағына айналады. Осы шамшырақтың жарық сәулесі  сөнбесін дейік» деген пайымы 75 жылдан астам тарихы бар университеттің өзіндік ерекшелігі мен маңызын айғақтап тұрғандай.

      Қазіргі күнде мұнда студенттердің сапалы білім алып, ғылыммен, өнермен, спортпен айналысуы үшін, олардың бойында халқымыздың ұлттық құндылықтарын дарыту орайында бірқатар жұмыстар жасалып, университеттің отандық жоғары оқу орындары арасында үлкен беделге ие болып отырғаны көңілге қуаныш ұялатады.

      Бұл – еліміздегі ең үздік педагогикалық оқу орны.

      Қыздар университетінде білім алу – мақсатқа жетудегі маңызды баспалдақ!

      Шынайы тілекпен, Маржан Ақтаева

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com 

      Бөлісу: