«Қыздар университеті менің асқақ арманыма қанат бітірді!»



    • «Қыздар университеті менің асқақ арманыма қанат бітірді!»

       АЛМАТЫ. 15 маусым. Баспасөз орталығы – Сәлем, достар! Менің есімім – Элина! Мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің түлегімін.

      Қыздар университеті менің асқақ арманыма қанат бітірді, өмірлік мақсаттарымның орындалуына үлкен үлес қосты.

      Оқу орнының студенті атана жүріп, қос дипломды білім беру бағдарламасы арқылы АҚШ-тың Миссисипи алқабы мемлекеттік университетінде (Mississippi Valley State University) «Шетел тілі: екі шетел тілі» бакалавриат білім беру бағдарламасы бойынша оқыдым.

      Ал кейіннен АҚШ-тағы оқуымды магистратурада жалғастырып, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша ғылым магистрі атандым.

      Нәтижесінде екі мемлекеттің бакалавриат және магистр дипломдарына ие болдым.

      Бұның барлығына да Қыздар университеті арқылы қол жеткіздім.

      Университеттер көп, ал Қыздар университеті дара!

      Рақмет, саған бірегей білім ордасы! 

      Құрметпен, Элина Дё

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: