Талапкерлерге онлайн кеңес беру қызметі ашылды



    • Талапкерлерге онлайн кеңес беру қызметі ашылды

       АЛМАТЫ. 23 маусым. Баспасөз орталығы – Құрметті талапкерлер мен ата-аналар! Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде талапкерлерге онлайн кеңес беру қызметі ашылғанын хабарлаймыз.

      Сіздер төменде көрсетілген Zoom сілтемелері және қабылдау комиссиясының техникалық хатшыларының байланыс телефон нөмірлері арқылы мемлекеттік грантқа өтініш беру, сауалнаманы толтыру, бакалавриат, магистратура және докторантураға құжаттарды тапсыру туралы туындаған сұрақтарға толық әрі нақты жауап ала аласыз.

      Сондай-ақ білім беру бағдарламалары мен университет жайында да маңызды ақпараттар беріледі.

      Онлайн кеңес беру қызметінің жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма күндері сағат: 09:00-18:00 аралығы.

      Сенбі күні сағат: 09:00-13:00 аралығы.

      Онлайн кеңес беру қызметінің байланыс телефондары мен сілтемелермен  www.kazmkpu.kz сайтының бастапқы бетінен және МЫНА ЖЕРДЕН таныса аласыз. 

      Сіздерді Қыздар университетінде күтеміз!

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com 

      Бөлісу: