Назар аударыңыз: бетперде тағу режимі қатаң бақыланады



    • Назар аударыңыз: бетперде тағу режимі қатаң бақыланады

       АЛМАТЫ. 6 шілде. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының және оның мутацияланған штаммдарының одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында оқу орнының барлық қызметкерлері мен қонақтарына бетперде тағу режимін қатаң түрде сақтау керектігі ескертіледі.

      Университет Басқарма төрағасы – Ректорының 2021 жылғы 3 шілдедегі «Маска тағу режимін сақтау және Қоғам қызметкерлерін қатаң жауаптылыққа тарту туралы» бұйрығына сәйкес Қоғам қызметкерлеріне бетперде тағу режимін сақтамаған жағдайда бірінші кезеңде ескерту беріледі.

      Санитарлық норманы қайта бұзған жағдайда арнайы акт толтырылып, қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com 

      Бөлісу: