«Универіңді таны!»: Студенттер үйі



    • «Универіңді таны!»: Студенттер үйі

      АЛМАТЫ. 8 шілде. Баспасөз орталығы – Өміріңіздің ең әсерлі шағы – студенттік кезең болса, студенттік өмірдің қызығы – жатақхана. Естен кетпес хикаялар мен қайталанбас оқиғалар студенттің екінші үйіндей болып кеткен жатақхана қабырғасында өтетіні белгілі.

      Арулар ордасы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне тиесілі 7 студент үйі бар.

      Оқу орны қалашағында орналасқан жатақханалар жанға жайлы әрі қолайлы.

      Бұл – басты ерекшелігіміз.

      Онда фитнес залдары, сұлулық салондары, оқу залдары, кір жуатын бөлмелер мен ғаламтор желісіне қосылған компьютер сыныптары бар. Заманауи үлгідегі жатақханаларда студенттің алаңсыз сапалы білім алуына толыққанды жағдай жасалған.

      Жатақхана ақысы ең төменгі мөлшерде. 

      Біз студенттерімізді жан-жақты дамыған тұлғаларға айналдыруға тырысамыз. Сондықтан оларға тек жатақханада тұру ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік, мәдени және спорттық іс-шаралар ұсынылады.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

       

       

      Бөлісу: