«Универіңді таны!»: «Aqqu» бассейні



    • «Универіңді таны!»: «Aqqu» бассейні

      АЛМАТЫ. 10 шілде. Баспасөз орталығы – Заманауи талаптарға сай жабдықталған Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Aqqu» бассейні студенттердің сүйікті демалыс орны.

      32 орынға арналған кешен 2014 жылы оқу орнының 70 жылдық мерейтойы қарсаңында пайдалануға берілген.

      Жүзу бассейнінің ұзындығы – 25 метр.

      Жабық үлгіде салынған кешенде оқу орнының білім алушылары үшін арнайы сабақтар мен жаттығу шаралары жүргізіледі.

      Зәулім нысан суда жүзу, суға секіру, су добы, синхронды жүзу сынды су спортының барлық түрімен айналысуға мүмкіндік береді.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: