«Универіңді таны!»: Спорттық әлеует



    • «Универіңді таны!»: Спорттық әлеует

      АЛМАТЫ. 11 шілде. Баспасөз орталығы – Қарашаңырақ Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің даңқы тек білім мен ғылымда ғана емес, сондай-ақ түрлі деңгейдегі спорттық жарыстарда да жиі шығып келеді.

      Бүгінде оқу орнының баскетбол, волейбол, шағын футбол құрама командалары көптеген халықаралық, республикалық турнирлерде үздіктер қатарында, көш басында.

      Сонымен қатар университет студенттері ауыр атлетика, теннис, суда жүзу, күрес сынды спорт түрлерінен «жүзден – жүйрік» атанып жүр.

      Білім ордасының базасы бойжеткендердің спорттың бірнеше түрімен шұғылдануына толықтай мүмкіндік береді. Атап айтқанда, оқу орнында спорт кешендері, «Aqqu» бассейні және заманауи құралдармен жабдықталған фитнес залдары бар.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: