«Универіңді таны!»: «Қазақ аруы» субұрқағы



    • «Универіңді таны!»: «Қазақ аруы» субұрқағы

      АЛМАТЫ. 12 шілде. Баспасөз орталығы – Қыздар университеті қалашағында орналасқан «Қазақ аруы» субұрқағы 2014 жылы ашылған. Оның биіктігі 5 жарым метрді құрайды.

      Ұлттық киімдегі бойжеткеннің бейнесі сомдалған ескерткіштің тұғыры қазақтың білезік пішінді әшекейімен әспеттелген. Ару алақанына бейбітшіліктің символына айналған көгершінді қондырған.

      Субұрқақ айналасына қазақ және әлем ойшылдарының даналық сөздері жазылған 12 кітап орнатылған.

      Мәрмәрдан жасалған ұлттық нақыштағы нысан шығармашылыққа жаны құмар жастардың шабытын оятатын көрнекі орындардың бірі.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: