Инфо-дайджест: Аптаның айшықты оқиғалары. №22



    • Инфо-дайджест: Аптаның айшықты оқиғалары. №22

      АЛМАТЫ. 13 қыркүйек. Баспасөз орталығы 2021 жылғы 6 – 10 қыркүйек аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.

       

      06.09.2021

      – Қымбатты Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері! Сіздерде оқуға байланысты немесе жатақханаға орналасу мен төлем жүйесіне қатысты сұрақтар туындаған жағдайда біздің Университет мамандары кеңес беруге дайын екендігін хабарлаймыз.

      *****

      – Студенттерді жатақхана орналастыру 3 кезең бойынша жүргізіледі:  1 кезең – 18.09.2021; 2 кезең – 25.09.2021; 3 кезең – 02.10.2021.

       

      08.09.2021

      – Microsoft Teams платформасында қалай жұмыс істеуге болады? Аталған платформаның қандай ерекшеліктері бар? Осы және өзге де сауалдарға жауап беру мақсатында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқытушыларына арналған вебинарлар сериясы ұйымдастырылады.

      *****

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің білім алушыларының сабаққа кірісу және жатақханаға орналасуы туралы ақпарат.

       

      09.09.2021

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті жұмыс берушілермен өзара ынтымақтастықты арттыруда. Түлектерді жұмыспен қамту, мамандарды бәсекеге қабілетті етіп бірлесе даярлауды жүзеге асыру мақсатында Университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай BINOM EDUCATION Басқарушы компаниясының директоры Шолпан Қадыровамен кездесті.

      *****

      – 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда студенттер, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақылары артты. Атап айтқанда, бакалавр бағдарламасы бойынша оқитындардың шәкіртақысы 20%-ға, ал магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15%-ға ұлғайтылды.

      *****

      – Еліміздегі мектептерде педагог-ассистент лауазымы енгізілді. Мұндай мамандар ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды оқытуда, яғни инклюзивті білім беруде сұранысқа ие. Олар балалардың мектепке тез үйреніп кетуіне көмектеседі.

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: mar.com@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: