Инфо-дайджест: Аптаның айшықты оқиғалары. №24



    • Инфо-дайджест: Аптаның айшықты оқиғалары. №24

       АЛМАТЫ. 4 қазан. Баспасөз орталығы – 2021 жылғы 27 – 1 қазан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.

       

      НҰР-СҰЛТАН

      27.09.2021

      – Университет оқытушылары үздік білім беру бағдарламаларын даярлауға қатысады. Бүгін елордада «Педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту бойынша мұғалімдердің біліктілігін көтеру» бағдарламасы өз жұмысын бастады.

      *****

      АЛМАТЫ

      27.09.2021

      – Құрметті достар! Өз ұстаздарыңа алғыс білдіріп, құрметіңді білдіргің келсе мүмкіндікті жіберіп алма! Мұғалімдердің кәсіби мерекесіне орай Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің білім алушылары арасында «Ұстазға алғыс!» челленджі бастау алды.

      *****

      НҰР-СҰЛТАН

      27.09.2021

      – 2021 жылы шетелде білім алған 11 мыңнан астам қазақстандық еліміздің жоғары оқу орындарына ауысты. Студенттердің көпшілігі Ресей университеттерінен ауысқан. Сондай-ақ бұрын АҚШ, Қытай, Франция, Мажарстан, Чехия, Польша, Түркия университеттерінде оқыған, бірақ Қазақстанда оқуын жалғастыруға шешім қабылдаған студенттер де бар.

      *****

      НҰР-СҰЛТАН

      27.09.2021

      – 173 мұғалім 2021 жылдың «Үздік педагогі» атағына үміткер. Бүгінгі таңда республикалық комиссия үздіктерді таңдау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Кәсіби мереке қарсаңында еліміздің елуден астам мұғалімі «Үздік педагог» атағына ие болады.

      *****

      НҰР-СҰЛТАН

      27.09.2021

      – Қазақстандық «QazVac» вакцинасы «дельта» штаммынан тиімді қорғайды. Мұндай нәтижелерді ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары жүргізген зерттеулер көрсетті.

      *****

      АЛМАТЫ

      28.09.2021

      – Құрметті білім алушылар! Педагогтердің кәсіби мерекесі қарсаңында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері арасында эссе жазудан байқау өтетінін хабарлаймыз.

      *****

      АЛМАТЫ

      28.09.2021

      – Құрметті білім алушылар! Педагогтердің кәсіби мерекесі қарсаңында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері арасында эссе жазудан байқау өтетінін хабарлаймыз.

      *****

      АЛМАТЫ

      29.09.2021

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде талантты білім алушылардың саны артып келеді! Биыл оқу орнына 183 «Алтын белгі» және 203 «Үздік аттестат» иегері қабылданды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда бірнеше есе жоғары.

      *****

      АЛМАТЫ

      30.09.2021

      – Университет ғалымдарының еңбектері бірнеше тілде жарық көруде. Физика-математика ғылымдарының кандидаты, академик Адамбек Татеновтың «Жалпы физика» оқулығы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде шықты.

      *****

      АЛМАТЫ

       29.09.2021

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті педагогтердің кәсіби мерекесін өзгеше форматта атап өтуде. Атаулы дата қарсаңында оқу орны білім алушылары арасында «Неге ұстаз болғым келеді?» тақырыбында жалпыуниверсиеттік шығармашылық байқау өтті.

      *****

      АЛМАТЫ

      30.09.2021

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқытушысы Айнұр Өмірзақтың шығармашылық жұмысы халықаралық және республикалық байқауларда үздік деп бағаланды.

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: mar.com@qyzpu.edu.kz 

      Бөлісу: