«Дарын» республикалық орталығымен ынтымақтастық артады



    • «Дарын» республикалық орталығымен ынтымақтастық артады

      АЛМАТЫ. 5 қазан. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен өзара ынтымақтастықты арттырады. Бұл туралы оқу орнының Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай мен аталған орталықтың директоры Тимур Нұркешовпен кездесуінде мәлім болды.

      Тараптар алдағы уақытта Университет оқытушылары мен мектеп оқушыларын олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына бірлесе дайындауды жүзеге асырмақ.

      Бұл бастама өз кезегінде оқу орнының ғылыми әлеуетінің артуына, профессор-оқытушылардың біліктілігінің жетілуіне мүмкіндік береді.

      Сонымен қатар ынтымақтастық шеңберінде бірлескен жобалар мен бағдарламалар іске асып, танымдық семинарлар, конференциялар мен брифингтер тұрақты түрде ұйымдастырылмақ.

      – Біздің орталықтың басты миссиясы – Қазақстанның дарынды балалары мен жастарын анықтау, оларды дамыту және кәсіби қолдау. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтау, дамыту және іске асырудың бірыңғай заманауи жүйесін құруды жүзеге асыру жолындамыз. Жас таланттармен жұмысты жүзеге асыратын жаңашыл педагогтер екені белгілі. Міне, осы тұрғыда Сіздердің университеттеріңізбен әріптестікті дамытудың маңызы ерекше екендігін атап өткім келеді, – деді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешов.

      Өз кезегінде Университет басшысы Гүлмира Қанай ынтымақтастықты дамытудың басты тетіктерін атап өтіп, оны бірлесіп жүзеге асыруға мүдделі екендігін білдірді.

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: mar.com@qyzpu.edu.kz

       

      Бөлісу: