Weekend: Университет ректоры белсенді студенттермен кездесті (ФОТО)



    • Weekend: Университет ректоры белсенді студенттермен кездесті (ФОТО)

       АЛМАТЫ. 10 қазан. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай оқу орнының белсенді студенттерімен кездесті.

      Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында еркін форматта ұйымдастырылған жүздесуде қоғам дамуындағы әйелдердің рөлі туралы айтылды.

      Өз кезегінде білім алушылар университет басшысына ұсыныстарын айтып, тілектерін білдірді.

      Кездесуде Гүлмира Қанай студенттерге Нобель сыйлығының лауреаты, білімнің әлемнің барлық әйел қауымына қолжетімділігін жақтап сөйлейтін пәкістандық құқық қорғаушы Малала Юсуфзайдың «Дайте ей взлететь» кітабын сыйға тартты.

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: mar.com@qyzpu.edu.kz 

      Бөлісу: