FAQ: Қос дипломды білім беру бағдарламасы дегеніміз не?



    • FAQ: Қос дипломды білім беру бағдарламасы дегеніміз не?

      АЛМАТЫ. 11 қазан. Баспасөз орталығы – СҰРАҚ: Сәлеметсіз бе? Мен Жаратылыстану институтының 1 курс студентімін. Университеттегі қос дипломды білім беру бағдарламасы туралы білгім келеді.

      ЖАУАП: Қос дипломды білім беру – бұл екі (немесе одан да көп) университетте бірлескен білім беру бағдарламасы бойынша сәйкес оқу орындарының дипломдарын алғаннан кейін қатарлас білім алу мүмкіндігі.

      Қазақстандық жоғары білімнің халықаралық білім кеңістігіне интеграциялануының басым бағыттарының бірі сөзсіз қос дипломды білім беру.

      Қос дипломды білім беру бағдарламасының артықшылықтары:

      • халықаралық тәжірибе;
      • бітіргеннен кейінгі жұмыс перспективалары;
      • серіктес университеттердің жетекші оқытушыларының прогрессивті білімдерін игеру;
      • ҚазҰлтҚызПУ + серіктес университеттен 2 диплом алу.

      Қос дипломды білім беру бағдарламалары бойынша серіктестеріміз:

      • Миссисипи алқабы мемлекеттік университеті, (АҚШ);
      • Катовицедегі Силезия университеті, (Польша);
      • Томск ұлттық университеті, (Ресей).

      Бағдарлама нәтижесі:

      Қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша оқуды сәтті аяқтаған студенттерге қазақстандық және шетелдік диплом (ҚазҰлтҚызПУ + серіктес университет) беріледі.

      •  
      •  
      •  
      •  
      •  

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: mar.com@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: