Назарбаев Университеті ғалымдарының ғылыми еңбектері тарту етілді



    • Назарбаев Университеті ғалымдарының ғылыми еңбектері тарту етілді

       АЛМАТЫ. 12 қазан. Баспасөз орталығы – Университетіміздің Ғылыми кітапханасы құнды еңбектермен толықты. Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі ғалымдарының жұмыстары Қазақстандағы жоғары білім мен ғылымды дамытуға арналған.

      «Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: Жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауап» монографиясы білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша елімізде жарық көрген тұңғыш еңбек.

      Авторлар тобының қатарында Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Әлия Сүлейменова, Руслан Қаратабанов, Қайрат Құрақбаев, Дункан Пристли сынды тәжірибелі сарапшылар бар.

      Монографияда ұсынылған бағдарлама әзірлеу үлгісі жан-жақты қамтылып, нақты мысалдар мен авторлар қолданған материалдарды қамтиды.

      Бұл қолданыстағы бағдарламаға тиісті өзгерістер жасауға таптырмас көмекші құрал.

      Ал «Қазақстан білім зерттеушілерінің әдеп кодексі» (KERA, 2020) ғылымды жетілдіруге және адам қатысуымен жүргізілетін білім зерттеуі бойынша еліміздегі ең алғашқы еңбек.

      Жоба жетекшісі –  Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің деканы Аида Сағынтаева. Зерттеушілер қатарында Әділ Әшірбеков, Алима Ибрашова, Закир Джумакулов, Ләйла Әбдіманапова, Елдос Нұрланов, Айгүл Ракишева сынды білікті мамандар бар.

      «Құрметті Гүлмира Әмірханқызы! Ғылым мен білім ордасы болып табылатын Өзіңіз басшылық ететін университетіңізді дамыту жолындағы тынымсыз әрекетіңізде аталған еңбектерден қажетті өзгерістер орнату мен туындаған жаңа ойларыңызды жүзеге асыруда қажетіңізге жаратасыз деген сенімдеміз», деп атап өткен Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің деканы Аида Сағынтаева.

      Кітаптарды университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай Ғылыми кітапхана директоры Бақытжамал Бағашароваға табыстады.

      Оқу орнының басшысы еңбектер оқытушылар мен білім алушылардың игілігіне пайдаланатынына сенім білдірді.

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: mar.com@qyzpu.edu.kz