Инфо-дайджест: Аптаның айшықты оқиғалары. №26



    • Инфо-дайджест: Аптаның айшықты оқиғалары. №26

      АЛМАТЫ. 18 қазан. Баспасөз орталығы 2021 жылғы 11 – 15 қазан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.

       

      11.10.2021

      АЛМАТЫ

      – Қымбатты достар! Біз «Танымал түлектер» айдары арқылы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің белгілі түлектерін таныстыруды жалғастырамыз. Ақұштап Бақтыгереева – ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. 1944 жылғы 23 тамызда Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында дүниеге келген. 1966 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының Филология факультетін бітірген.

      *****

      АЛМАТЫ

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде оқу орнының білім, ғылым, спорт және өнер салалары бойынша елеулі табысқа қол жеткізген талантты студенттерді таныстыруды ары қарай жалғастырамыз. Гүлнұр Ыбырай – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Педагогика және психология институтының 2 курс студенті.

      *****

      АЛМАТЫ

      FAQ: Қос дипломды білім беру бағдарламасы дегеніміз не?

       

      12.10.2021

      АЛМАТЫ

      Университетіміздің Ғылыми кітапханасы құнды еңбектермен толықты. Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі ғалымдарының жұмыстары Қазақстандағы жоғары білім мен ғылымды дамытуға арналған.

       

      15.10.2021

      АЛМАТЫ

      Бүгін – кітапхана жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Кітапханашылардың мәдени мұраны сақтауда үлкен рөл атқарады. Қазіргі таңда Университетіміздің Ғылыми кітапханасы оқырмандарды кітаппен қамтамасыз ету, оқу залында кітап қорының ашық қолжетімділігін ұйымдастыру, электронды құжат алмасу, кітапхана сайты арқылы халықаралық дерекқорлар каталогын пайдалану, электронды мәліметтер беру сынды қызметтерді көрсетеді.

      *****

      АЛМАТЫ

      – Бала тәрбиесі – маңызды міндет! Назарларыңызға отбасылық тәрбиенің төрт негізгі стилін ұсынамыз: беделді (құрметпен тәрбиелеу), авторитарлық, бетімен жіберу стилі және тәрбиенің кіріспеу стилі. Олардың әрқайсысының артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

      *****

      АЛМАТЫ

      Университет кітапханасы туралы 7 дерек.

      *****

      АЛМАТЫ

      – Кітапханашылардың кәсіби мерекесі қарсаңында Университетімізде «Білім мен ғылым – кітапта» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда отандық ғалымдардың ел тәуелсіздігі жылдарында жарық көрген кітаптары қойылып, «Альманах», «Қазақ университеті» баспа үйлерінің жаңа өнімдері таныстырылды. Шараның ресми бөлімінде Университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай Ғылыми кітапхана ұжымын кәсіби мерекесімен құттықтап, кітапханашылардың қоғамдағы маңызды рөлін атап өтті.

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: mar.com@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: