Университет студенттері аға буын өкілдерімен кездесті



    • Университет студенттері аға буын өкілдерімен кездесті

      АЛМАТЫ. 19 қараша. Баспасөз орталығы – «Алып – анадан туады». Осындай атаумен Университетімізде тағылымды жиын өтті. Ел егемендігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шарада Қазақстан Республикасының Генералдар кеңесінің мүшелері оқу орнының білім алушыларымен кездесті.

      Басқосуды Университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай ашып, кездесудің маңызы мен басты міндеті туралы айтты.

      «Қазақ елі Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Университетімізде күнделікті шаралар өтуде. Ал бүгінгі жиынның маңызы ерекше екендігін айтқым келеді. Себебі, аға буын – біздің алға жол сілтейтін шамшырағымыз сынды. Қариясы бардың қазынасы бар. Бүгінде ұрпақ тәрбиесінде аға буын өкілдерінің ұзақ жылдар бойы жинаған тәжірибесін пайдаланудың тиімділігі өте зор. Сіздер өз ғұмырларыңызда ұлттық қауіпсіздігіміз бен ел тыныштығын сақтауда елеулі жұмыс істедіңіздер. Бұл – Отан алдындағы үлкен азаматтық парыз, – деді Гүлмира Қанай.

      Кездесуде Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің генерал-майорлары Еркін Мұсабаев, Махамбет Мұстафа, Марат Мажитов, Қазақстан Республикасы Ішкі-істер министрлігі академиясының полковнигі Амангелді Алинов сөз сөйлеп, студенттерге өнегелі әңгімелерін айтты, әсерлі естеліктерімен бөлісті.

      Басқосуды Университеттің Стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Жанар Рысбекова қорытындылап, аға буын өкілдеріне оқу орны қауымдастығы атынан алғыс білдірді.

      МЕДИА

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: