«Science & Education»: Университетте ғылыми іс-шаралар айлығы басталды



    • «Science & Education»: Университетте ғылыми іс-шаралар айлығы басталды

      АЛМАТЫ. 25 қараша. Баспасөз орталығы – Қазақ елі Тәуелсіздігінің 30 жылдығы Университетте бірнеше бағыт бойынша жан-жақты аталып өтуде. Соның бірі – «30 ғылыми іс-шара» айлығы.

      22 қараша мен 24 желтоқсан аралығында өтетін шара барысында шетелдік ғалымдар университет оқытушылары мен білім алушыларына арналған ғылыми тақырыптағы вебинарлар сериясы мен workshop өткізеді.

      Сонымен қатар осы мерзім аралығында халықаралық және республикалық конференциялар, ғылыми олимпиадалар мен еліміздің атақты ғалымдарымен кездесулер ұйымдастырылады.

      Университеттің ғылыми әлеуетін арттыру, оқытушылар мен білім алушылардың зияткерлік қарым-қабілетін, таным деңгейін дамытуды көздеген шара аясында жалпы саны 17 ғылыми семинар, 8 халықаралық және республикалық деңгейдегі конференция, 5 ғылыми конкурстар мен идеялар байқауы, 8 ғылыми жобалар сайысы өткізілмек.

      Ғылыми жұмыстар және халықаралық ынтымақтастық департаментінің ұйымдастыруымен өтетін іс-шаралар офлайн, онлайн форматтарда жүргізіледі.

      Біз алдағы уақытта әр шараға арнайы тоқталып отыратын боламыз.

        «30 ғылыми іс-шара» айлығының жалпы жоспары

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: