Ел егемендігінің 30 жылдығына орай халықаралық жиын өтеді



    • Ел егемендігінің 30 жылдығына орай халықаралық жиын өтеді

      АЛМАТЫ. 25 қараша. Баспасөз орталығы «Қазақстан Республикасы жəне Еуразия кеңістігі: қазіргі заман мен даму келешегі». Осындай атаумен 8 желтоқсанда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

      Ел егемендігінің 30 жылдығына арналған басқосуға отандық және шетелдік ғалымдар, саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері қатысып, Қазақ елінің тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерін сараптамақ.

      Конференция Тарих кафедрасының бастамасымен ұйымдастырылады.

      Жиын жұмысы «Тəуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуының негізгі бағыттары», «Ұлы Дала өркениетіндегі ұлт зиялыларының ой-танымдық мұрасы», «Жаһандық саясаттағы Қазақстан жəне Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың рөлі», «Заманауи педагогикалық кадрларды даярлаудағы жаңартылған білім беру бағыттары» секциялары бойынша жүргізілмек.

      «Қазақстан Республикасы жəне Еуразия кеңістігі: қазіргі заман мен даму келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ақпараттық хатымен таныса аласыз.

       Ақпараттық хат

      Конференцияның өту форматы: офлайн және онлайн

      Zoom сілтемесі:

      https://us04web.zoom.us/j/76380952112?pwd=YmtxT1VMUkpXbkJybGNIb0ExRGRkQT09

      Идентификациялық нөмірі: 763 8095 2112

      Коды: 2020

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz