Өзбекстандық ғалымдар дәрістер өткізеді



    • Өзбекстандық ғалымдар дәрістер өткізеді

      АЛМАТЫ. 26 қараша. Баспасөз орталығы – 8-9 желтоқсан күндері Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқытушылары мен білім алушыларына өзбекстандық ғалымдар қонақ дәрістерін өткізеді.

      Атап айтқанда, Өзбекстанның Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетінің профессор, тарих ғылымдарының докторы Рахбархон Муртазаева «Жаһандану жағдайындағы толеранттылық феномені», профессор, тарих ғылымдарының докторы Камола Саипова «Кеңес өкіметінің қалыптасу жылдарындағы Түркістандағы ұлтаралық қатынастар» тақырыптарында дәріс оқымақ.

      Іс-шара «Қазақстан Республикасы жəне Еуразия кеңістігі: қазіргі заман мен даму келешегі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында өтеді.

      Конференция мен қонақ дәрістер Тарих кафедрасының бастамасымен ұйымдастырылады.

      Барлық сұрақтар бойынша мына байланыс нөміріне хабарласыңыз: +7 (727) 278-10-24.

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: