Университет студенті әлемдік жарыста ел намысын қорғауда



    • Университет студенті әлемдік жарыста ел намысын қорғауда

      АЛМАТЫ. 30 қараша. Баспасөз орталығы – Университет студенті әлемдік жарыста ел намысын қорғауда! Оқу орнының 1 курс студенті Лаура Кабулбекова Тайландтың Пхукет қаласында байрағын көтерген жағажай волейболынан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрама командасы сапында өнер көрсетуде.

      Лаура аталған спорт түрімен тұрақты айналысқанына бірнеше жылдың жүзі болды. Шеберлігі мен тактикасының арқасында көптеген әлемдік және республикалық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып, ел намысын қорғап келеді.

      Бүгінде спортшы Университетте оқумен қатар Ұлттық олимпиадалық комитеттің мүшесі және жағажай волейболынан Қазақстан ұлттық құрама командасының белді ойыншысы ретінде танылуда. Лаураны оқу орнында Дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы Сәуле Нұрпейісова жаттықтырады.

      – Жағажай волейболы өзге спорт түрлері сияқты ептілікті, шапшаңдықты және шебер тактиканы талап етеді. Лаураның бойында нағыз майталман спортшыға қажет қасиеттердің барлығы бар. Оған жаттығу барысында көз жеткіздім. Әлемдік дүбірлі додаларда топ жарып жүрген бойжеткеннің болашағынан көп үміт күтеміз, – дейді Сәуле Нұрпейісова.

      Айта кетейік, 23 қарашада жалауын көтерген Азия чемпионатына 10-нан астам мемлекеттің спортшылары қатысуда.

      Жарыс жолында отандастарымыз Жапония, Аустралия, Катар, Сингапур жән Тайланд командаларымен кездеседі.

      Жалпы Қазақстан атынан сайысқа 3 ерлер және 2 әйелдер командасы қатысуда.

      МЕДИА

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: