Президент шәкіртақысының иегері: Мадина Тайтөлеуова



    • Президент шәкіртақысының иегері: Мадина Тайтөлеуова

      АЛМАТЫ. 21 желтоқсан. Баспасөз орталығы Біз оқу үлгерімі мен Университеттің қоғамдық жұмысына белсенді атсалысқаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің шәкіртақысына ие болған озат студенттерімізбен таныстыруды жалғастырамыз.

      Мадина Тайтөлеуова 2000 жылғы 25 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында дүниеге келген.

      2018 жылы Қарағындыдағы Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатын үздік бағамен тәмамдаған.

      Бүгінде ол Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтында «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша білім алады.

      Мадина сабақпен қатар, Университеттің қоғамдық өміріне де белсенді атсалысады. Сондай-ақ ғылыми жобалармен де тұрақты айналысады.

      Бұған дейін бірнеше халықаралық және республикалық деңгейдегі конференцияларға қатысып, мақалалары ғылыми жинақтарды жарық көрді.

      Ал Университеттегі «Қыз Жібек» клубында танымдық іс-шараларды ұйымдастыруға бастама танытып келеді. Мадина бұған дейін де Президенттік шәкіртақы иегері атанғанын атап өткен жөн.

      – Бүгінгі қыз – ертеңгі ибалы жар, сыпайы келін, қам­қор ана. Жалпы, қыз баласы – ұрпақ тәрбиесі мен сабақтастығының мызғымас ұйытқысы. Осынау жолда «Қыз Жібек» клубының атқаратын өзіндік үлесі өте зор. «Қыз Жібек» клубы – аяулы аруларымыздың тәрбиелі, парасатты, жан-жақты болып өсуіне ықпалын тигізіп жүрген бірден-бір клуб десем артық айтқаным емес. Сондықтан да Университетте осы жастар ұйымының белсенді жұмыс істеуіне мүдделіміз, – дейді Мадина.

      Коммуникация және маркетинг департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: