Біздің Университет әлемнің үздік 400 ЖОО қатарына енді



    • Біздің Университет әлемнің үздік 400 ЖОО қатарына енді

      АЛМАТЫ. 22 желтоқсан. Баспасөз орталығы – Халықаралық QS (Quacquarelli Symonds) рейтинг агенттігі Еуропа мен Орталық Азияның биылғы үздік  университеттерінің тізімін жариялады. Аталған рейтингте Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті TOP-400 үздік жоғары оқу орнына енді. Бұл көрсеткіш өткен жылдармен салыстырғанда жоғары. Барша Университет ұжымын осы жетістікпен құттықтаймыз!

      Қыздар университеті шетелдік оқытушылар құрамының үлесі, профессор-оқытушылар құрамының студенттерге қатынасы, халықаралық ғылыми байланыстар және жұмыс берушілер арасындағы беделі бойынша үздік нәтиже көрсетіп, QS University Rankings: Emerging Europe & Central Asia 2022 рейтингінде 400-ші орынға көтерілді.

      Үздіктер қатарына енген 450 оқу орнының 34-і қазақстандық университеттер.  Оның  ішінде  6  білім  ордасы бұл рейтингке тұңғыш рет еніп отыр.

      Былтырғы жылмен салыстырғанда нәтиже көрсеткіші 27 пайыздан 34 пайызға  өскен. Атап айтқанда, 10 университет былтырғы  межеден жоғары нәтиже көрсетсе, тағы 10 жоғары оқу орны  бұрынғы позициясын сақтап қалған.

      Бұл рейтингке қазақстандық жоғары оқу орындары 2014 жылдан бастап қатысып келеді.

      Жоғары оқу орындар рейтингі студенттер саны мен оқытушылар құрамының арақатынасы, ғылыми атағы бар оқытушылардың үлесі, шетелдік оқытушылар мен студенттердің үлесі, академиялық бедел көрсеткіштері, жұмыс берушілер алдындағы бедел, бір оқытушыға шаққандағы басылымдар саны, ғылыми мақалалардағы дәйексөздер саны, интернет кеңістігінде көріну дәрежесі және халықаралық бірлескен авторлық жарияланымдар бойынша бағаланды.

      Коммуникация және маркетинг департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: