Университет оқытушысы мемлекеттік ғылыми стипендия иегері атанды



    • Университет оқытушысы мемлекеттік ғылыми стипендия иегері атанды

       АЛМАТЫ. 24 желтоқсан. Баспасөз орталығы – Біздің Университет ғалымдары тағы бір жетістікке жетті! Қазақ әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры міндетін атқарушы, PhD Наргиза Балтабаева мемлекеттік ғылыми стипендия иегері атанды.

      Жас ғалымның авторлығымен 40-тан астам ғылыми мақала мен 1 оқу құралы және 1 монография жарық көрген. Сондай-ақ ол Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыру аясындағы ғылыми жоба жетекшісі.

      Наргиза Балтабаева Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 2013-2016 жылдары докторантурада білім алған.

      2016 жылғы желтоқсанда «Қазақ роман-эссе жанрының қалыптасу тарихы, және оқытудың даралық-дәстүрлік ұстанымдары» тақырыбы бойынша докторлық диссертациясын табысты қорғап, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен «6D011700-Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

      Ол Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің 2021 жылға арналған «Көлемді прозалық шығармаларды мектепте цифрлық білім беру ресурстары арқылы оқытуды жүзеге асыру» тақырыбы бойынша ғылыми жоба жетекшісі.

      Бүгінде Қыздар университетінің бакалавриат студенттеріне «Әдеби үрдіс және  сын мәселелері», «ХХ ғасыр қазақ әдебиеті (1900-1950/1950-2000 жж.)» курстары бойынша дәріс оқиды.

      Наргиза Балтабаева бірқатар халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялардың жеңімпазы және Назарбаев қорының «Алғыс хатымен» марапатталған.

      Құттықтаймыз! 

      Коммуникация және маркетинг департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: