10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні



    • 10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні

      АЛМАТЫ. 10 ҚАҢТАР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – 10 қаңтар Қазақстан бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланған.

      Елдегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде көптеген адамның қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

      Бүгін Қазақстан бойынша Мемлекеттік тулардың барлығы төмен түсіріледі. Осылайша бүлік кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен әскерилер, полиция өкілдері мен құқық қорғау қызметкерлеріне құрмет көрсетіледі.

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұжымы мен білім алушылары елімізде орын алған жаппай бүліктер мен лаңкестік оқиғаларда құрбан болған азаматтардың туыстары мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

      Отанымызды қорғау жолында қаза тапқан әскери қызметкерлер мен полицейлердің ерлігі мәңгі ұмытылмайды.

      Отанымыз – біреу.

      Елдің болашағы – сол елдің азаматтарының қолында.

      Күшіміз – бірлікте.

        Коммуникация және маркетинг департаменті

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05             

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz        

      Бөлісу: