Бүгін – Гүлмира Қанайдың туған күні



    • Бүгін – Гүлмира Қанайдың туған күні

      АЛМАТЫ. 12 ҚАҢТАР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Әмірханқызы Қанайдың туған күні.

       

      Қымбатты Гүлмира Әмірханқызы!

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұжымы мен барша білім алушылары Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтайды.

      80 жылдық тарихы бар жоғары оқу орнын уақыт талабына сай біліміңіз бен кәсіптік деңгейіңіздің арқасында абыроймен басқарып келесіз.

      Ұжым қатарында тынымсыз еңбек етіп, нақты істер атқарып жүрген Өзіңіздей білікті басшының болуы үлкен абырой деп білеміз.

      Университетіміздің еңсесін тіктеп, білім беру мен ғылым саласындағы танымал оқу орнына айналдыру жолындағы игілікті ісіңіз әрдайым табысты болғай.

      Жаңа жасыңыз жақсылыққа толы болсын!

      Деніңізге саулық, шаңырағыңызға құт-береке, жақындарыңызға амандық тілейміз.

      Шынайы ниетпен, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұжымы мен білім алушылары

        Коммуникация және маркетинг департаменті

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05             

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz        

      Бөлісу: