Университет ректоры оқытушылар құрамымен кездесті



    • Университет ректоры оқытушылар құрамымен кездесті

      АЛМАТЫ. 17 ҚАҢТАР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай оқу орнының профессор-оқытушыларымен кездесті.

      Zoom платформасында ұйымдастырылған басқосуда мынадай мәселелер жан-жақты түсіндірілді:

      • Көктемгі семестрдің ұйымдастырылуы;

      • COVID-19-ға қарсы вакцинация;

      • Қауіпсіздік шаралары.

      Кездесуде Университет ректоры аталған мәселелер жөніндегі кеңінен баяндап, оқытушылар тарапынан келіп түскен сауалдарға жауап берді.

      Атап айтқанда, көктемгі семестр кезінде дәріс және үлкен ағымдағы сабақтар Microsoft Teams платформасы арқылы онлайн режимде жүргізіледі.

      Лекция кезінде топтың 50%-ы онлайн режимде және 50%-ы офлайн режимде білім алады.

      Оқу форматына қарамастан студенттер жеке кабинетте орналастырылған пәннің барлық тапсырмаларын орындаулары қажет.

      Топта 1 студент ауырған жағдайда топқа карантин жарияланады және бүкіл топ онлайн режимге ауысады.

      Айта кетейік, екінші семестрде бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлері бойынша сабақтар 24 қаңтарда онлайн форматта, ал 7 ақпаннан бастап офлайн форматта басталады деп күтілуде.

      Өзгерістер орын алған жағдайда қосымша ақпараттандыратын боламыз.

      МЕДИА

        Коммуникация және маркетинг департаменті

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05             

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz        

      Бөлісу: