МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: көктемгі семестрдегі сабақ барысы



    • МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: көктемгі семестрдегі сабақ барысы

      АЛМАТЫ. 19 ҚАҢТАР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – Қымбатты студент! Сізге тағы бір маңызды ақпаратымызбен бөлісеміз. 2021-2022 оқу жылының көктемгі семестрі кезіндегі сабақ өту барысы туралы келесіні хабарлаймыз:

      • Дәріс және үлкен ағымдағы сабақтар Microsoft Teams платформасында онлайн режимде жүргізіледі;

      • Лекция кезінде топтың 50%-ы онлайн режимде, 50%-ы оффлайн режимде оқиды;

      • Пән тапсырмалары мен сабақ кестесі – «Univer 2.0» жүйесінде;

      • Оқу форматына қарамастан студенттер жеке кабинетте орналастырылған пәннің барлық тапсырмаларын орындаулары тиіс;

      • Топта 1 студент ауырған жағдайда топқа карантин жарияланады және топ онлайн режимге ауысады;

      • Туындаған сұрақтар бойынша эдвайзеріңізге хабарласа аласыз.

       

      Амандықта кездескенше!

      Құрметпен, QyzPU

        Коммуникация және маркетинг департаменті

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05             

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz        

      Бөлісу: