Екі оқытушы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының жеңімпазы атанды



    • Екі оқытушы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының жеңімпазы атанды

      АЛМАТЫ. 24 ҚАҢТАР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – Қайырлы күн, достар! Апта жағымды жаңалығымен басталуда! Университеттің екі оқытушысы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021» байқауының жеңімпазы атанды. QyzPU ұжымы филология ғылымдарының кандидаты Лира Ибраимова мен техника ғылымдарының кандидаты Гүлназ Салғараеваны республикалық байқауда үздік атануларымен құттықтайды.

      Дәстүрлі конкурста қазақстандық 45 жоғары оқу орнының 150 оқытушысы жеңімпаз атанды. Олардың әрқайсысы 2 000 АЕК көлемінде сыйақы алатын болады. Бұл шамамен 6 млн теңгені құрайды.

      «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021» байқауының жеңімпаздарына ақшалай ынталандырудан бөлек, төсбелгі де табысталады. 

      Конкурс жыл сайын оқытушылардың беделін арттыру және оларды одан әрі кәсіби дамытуға ынталандыру мақсатында өткізіледі.

      – Конкурсқа еліміздің 76 жоғары оқу орнынан барлығы 718 үміткер қатысты. Конкурста электронды оқу ресурстарын, оқу материалдарын әзірлеу және жариялау, отандық және халықаралық журналдардағы ғылыми жарияланымдар, өнертабысқа патенттердің болуы және т.б. сияқты көрсеткіштер бағаланды, сондай-ақ үміткердің оқыту сапасы, оның бакалавриатта, магистратурада және докторантурада кадрлар даярлау қызметіндегі еңбегі бағаланды, – деп атап өтті Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев. 

      Айта кетейік, конкурс ҚР БҒМ ақпараттық жүйесінің базасында өтті, оның көмегімен қатысушыларда барлық кезеңнің ашықтығын бақылауға мүмкіндік болды.

      «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021» байқауына қатысу үшін өтінімдер мен құжаттар да электрондық форматта қабылданды.

      Бұл конкурсты өткізудің ашықтығын қамтамасыз етті.

      «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021» атағы иегерлерінің тізімі мына жерде.

        Коммуникация және маркетинг департаменті

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05             

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz        

      Бөлісу: