Шығармашылық емтихандар бойынша кеңес беру мерзімі анықталды



    • Шығармашылық емтихандар бойынша кеңес беру мерзімі анықталды

      АЛМАТЫ. 24 маусым. Баспасөз қызметі  Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің шығармашылық мамандықтарына түсу үшін емтихан тапсыратын талапкерлерге арналған кеңес беру мерзімі анықталды.

      Пандемияға орай консультациялар Zoom платформасында өткізіледі.

      Шығармашылық емтихандар бойынша кеңес беру мерзімі мен толыққанды ақпаратты мына жерден көруге болады.

      Естеріңізге сала кетейік, Қыздар педагогикалық университетінде шығармашылық дайындықты талап ететін «Музыка», «Хореография», «Мәдени-тынығу жұмысы», «Бейнелеу өнері және сызу», «Кәсіптік оқыту», «Дәстүрлі музыкалық өнері», «Дене шынықтыру және спорт» мамандықтарына құжаттар қабылдау 20 маусым мен 7 шілде аралығында жүргізіліп, емтихандар 8-13 шілде күндері өткізіледі.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары тобына түсетін орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар үшін Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқутілі) бойынша балдар ескеріледі.

      Шығармашылық мамандықтарға жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі.

      Жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсуші талапкерлер екі шығармашылық емтихан тапсырады.

      Шығармашылық емтиханға байланысты толық мәліметті Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Қабылдау комиссиясынан алуға болады.

      Байланыс телефондары: 8(727) 233-18-52, 8(727) 233-18- 52, +7 (707) 934-91-98.

      Бөлісу: