Білім алу мүмкіндіктері артуда



    • Білім алу мүмкіндіктері артуда

      Білім алушылар мен оқытушылар үшін мол мүмкіндік! Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Ғылыми кітапханасы оқырмандар сұранысын кеңінен қамту және әдебиеттер мен ресурстары пайдалану мақсатында бірқатар келісімдер жасады.

      Атап айтқанда, өзара ынтымақтастық байланыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы және «Тұран» университетінің кітапханаларымен орнатылды.

      Сонымен қатар келісім Республикалық жоғары оқу орындары аралық электронды кітапханасы мен Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасымен де түзілді.

      Осыған сәйкес Қыздар университетінің оқытушылары мен білімгерлері аталған кітапханалардың ресурстарынан толық мәтіндегі кез келген ақпаратты ала алады.

      Бүгінде оқу орнының Ғылыми кітапханасы оқырмандарды кітаппен қамтамасыз ету, оқу залында кітап қорының ашық қолжетімділігін ұйымдастыру, электронды құжат алмасу, кітапхана сайты арқылы халықаралық дерекқорлар каталогын пайдалану, электронды мәліметтер беру сынды қызметтерді көрсетеді.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Бөлісу: