Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша кафедралар рейтингі шықты



    • Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша кафедралар рейтингі шықты

      Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті кафедраларының ағымдағы жылдың үшінші тоқсанындағы рейтингісі жарияланды.

      Сараптама нәтижесі (алғашқы бестік):

      • 1-орын – Физика кафедрасы;
      • 2-орын – Математика кафедрасы;
      • 3-орын – География кафедрасы;
      • 4-орын – Хореография және мәдени тынығу жұмысы кафедрасы;
      • 5-орын – Менеджмент және құқық негіздері кафедрасы.

      Жүргізілген сараптамаға сәйкес Музыка, Арнайы әлеуметтік педагогика және Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедралары төмен көрсеткіш көрсеткен.

      Рейтинг қорытындысы 13 бағалау көрсеткіші бойынша шығарылды. Олардың қатарында ғылыми бағыт бойынша атқарылған жұмыс, индекстелетін журналдар мен ғылыми басылымдардағы жарияланым саны, қорғауға алынған құжаттар, стартап жобаларды жүзеге асыру, ғылыми конференцияларды ұйымдастыру сынды басым бағыттар бар.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Бөлісу: