Үшінші тоқсанда 149 ғылыми мақала жарияланды

    • Биылғы жылдың үшінші тоқсанында қазақстандық және шетелдік ғылыми басылымдарда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті профессор-оқытушыларының 149 мақаласы жарық көрді.

      Осы тарапта түзілген рейтинг нәтижесі:

      • 1-орын – Жаратылыстану институты (42 мақала);

      • 2-орын – Педагогика және психология жоғары мектебі (36 мақала);

      • 3-орын – Физика, математика, цифрлық технология жоғары мектебі (24 мақала);

      • 4-орын – Өнер және менеджмент институты (20 мақала);

      • 5-орын – Тарих және шетел тілдері институты (18 мақала);

      • 6-орын – Филология институты (9 мақала).

      Ал сәйкес кезең аралығында Web of Science және Scopus мәліметтер базасында индекстелетін журналдардағы жарияланған мақалалар көрсеткіші – 19.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі