Құрметті ақылы бөлімде оқитын 1-4 курс студенттері мен күндізгі бөлімде білім алушы магистранттар!



    • Құрметті ақылы бөлімде оқитын 1-4 курс студенттері мен күндізгі бөлімде білім алушы магистранттар!

      Құрметті ақылы  бөлімде оқитын 1-4 курс студенттері  мен  күндізгі бөлімде білім алушы   магистранттар!

      «Қазақ  ұлттық қыздар педагогикалық  университеті» КЕАҚ білім алушылардың   оқу ақысына жеңілдік беру туралы 31.01.2022 жылғы №06/07-03-02 Ережесіне сәйкес  әлеуметтік  аз қамтылған, алайда жоғарғы білім көрсеткішіне ие, дарынды білім алушыларға жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім алуға қолдау көрсету мақсатында оқу ақысына жеңілдік  қарастырылған.

      Жеңілдікке өтініш және оған қосымша тиісті құжаттар бакалавр бөліміндегі студенттер үшін өз мамандығына қарасты институтта, ал магистранттар үшін жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінде 25 қыркүйекке дейін қабылданатынын хабарлаймыз!

      Өтініш беру үлгісімен  төмендегі  сілтемеде  таныса  аласыздар!

      https://drive.google.com/file/d/141we-zqpf6KCksXiMBqYQ8r2eTrkm4b3/view?usp=sharing

        Коммуникация және маркетинг департаменті   

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05                

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz            

      Бөлісу: