"Менің арманымдағы Қазақстан" тақырыбына эссе байқауын жариялайды!



    • Құрметті қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері!

      ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ЭССЕ ЖАЗУДАН БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАДЫ.

        Ұлттық мереке - 25 қазан Республика күні қарсаңында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен "Менің арманымдағы Қазақстан" тақырыбына эссе жазудан байқау жарияланды. Конкурс жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, мемлекеттің жарқын болашағына деген сенімін арттыруға бағытталған.

      Байқауға студенттер, магистранттар және қоғамдық жастар ұйымдары қатыса алады.

      Эссе байқауына автордың Қазақстанның болашағы мен оның  қалыптастырудағы  көзқарасын көрсететін өз бетінше орындалған шығармашылық жұмыстар жіберіледі.

      Жұмыс 2022 жылғы 17 қазанға дейін  қабылданады. Жұмыстарды өз  институт директорларыңыздың орынбасарларына тапсыруларыңызды сұраймыз.

       Конкурстың бірінші кезеңінің жеңімпаздары 19 қазанда анықталады. Байқаудың екінші кезеңіне қатысушыларды марапаттау Астана қаласында өтеді.

      кКонкурс  ережесімен  төмендегі  сілтеме арқылы  таныса аласыздар 

      https://drive.google.com/drive/my-drive

       

      Бөлісу: