Кәсіптік білім кафедрасының 30 жылдығына арналған фестиваль өтеді!



    • Кәсіптік білім кафедрасының 30 жылдығына арналған фестиваль өтеді!

      Құрметті профессор-оқытушылар, студенттер және қонақтар!

      Сіздерді 2022 жыл қараша айының 14-18 жұлдызы Кәсіптік білім кафедрасының 30 жылдығына орай «Көркем білім беруде интерактивті технологияларды жүзеге асырудың тиімділігі» атты апталық фестиваль өтетінін хабарлаймыз. Апталық аясында өтетін дөңгелек үстел, шеберлік сыныптар, көрме, дефиле, ҚР танымал дизайнер, өнертану кандидаты, «Сымбат» сән және технология академиясының профессоры Балнұр Асановамен кездесу, тренинг, ашық сабақтар, студенттердің өзіндік тәжірибе алмасуы және т.б. түрлі іс-шараларды тамашалауға шақырамыз! Төменде фестиваль бағдарламасымен таныса аласыздар! Сонымен  қатар, Kasiptik bilim kafedrasi инстаграм парақшасынан фестиваль жаңалықтарын көре аласыздар!

      Ұйымдастырушылар: Кәсіптік білім кафедрасы

      Бөлісу: