«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КЕАҚ Басқарма Төрағасы-Ректорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды



    • «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КЕАҚ Басқарма Төрағасы-Ректорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

      «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 05000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі 99, «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы-ректоры бос лауазымдық орнына конкурс жариялайды. Қоғамның орналасқан мекенжайы: Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі 99.

      Қызметінің негізгі мәні жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру, іргелі ғылыми және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыру болып табылады.

      Қызметтің мақсаты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу, оқыту және білім беру, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

      Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі және (немесе) жоғары білімнен кейінгі білім, білім беру ұйымдарында және (немесе) уәкілетті органдарда басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

      Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

      1. жиырма бес жасқа толмаған;
      2. бұрын сыбайлыс жемқорлық құқықбұзушылық жасаған;
      3. белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
      4. медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрғандар;
      5. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.

      Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1. белгіленген нысанда өтініш;
      2. конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3. 3х4 үлгідегі түрлі түсті фотосуретпен белгіленген нысандағы конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;
      4. жоғары оқу орнын дамыту бағдарламасы;
      5. салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері;
      6. жұмыс орны (қолданыстағы не соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
      7. № 086/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);
      8. мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
      9. мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген Наркологиялық ұйымнан анықтама;
      10. қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салудың жоқтығын растайтын құжат.

      Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

      Байқаудың өтетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментіне (каб. 643) тапсыру қажет, телефоны: 8 (7172) 74-27-25, 74-25-22; email: m.izbasar@edu.gov.kz

      Бөлісу: