IPRSMART электрондық білім беру ресурсына тестілік қолжетімділік ашылғанын хабарлаймыз!



    • IPRSMART электрондық білім беру ресурсына  тестілік қолжетімділік ашылғанын хабарлаймыз!

      Құрметті оқытушылар мен білім алушылар!

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің кітапханасы Сіздерге университетімізде бірнеше жылдан бері еліміздің ірі университеттерімен тығыз байланыста жұмыс істеп келе жатқан «IPR Media» компаниясының оқу әдебиеттерінің ең үлкен көптақырыптық базасына, IPRSMART электрондық білім беру ресурсына (https: //www.iprbookshop.ru)  тестілік қолжетімділік ашылғанын хабарлайды.

      «АйПиАрМедиа» компаниясы –  цифрлық  инновациялық білім беру ресурстарының операторы және ғылыми және білім беру саласындағы ауқымды халықаралық іс-шараларды ұйымдастырушы, сонымен қатар оқу және ғылыми әдебиеттерді шығарушы.

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде оқу үдерісін қамтамасыз ету мақсатында IPR SMART экожүйесі аясында бағдарламалық сандық платформаны сатып алу туралы ұсынысты қарастыруға шақырамыз.

      IPR SMART цифрлық білім беру платформасын пайдаланудың артықшылықтары:

      - барлық заңнамалық талаптарға жауап беретін және пайдаланушылардың сұраныстарынан (50 000-нан астам оқу және ғылыми басылымдар) озатын бірегей көптақырыптық деректер базасы және оқу мен оқытудың жаңа ыңғайлы қызметтері, білім беру жүйесінде білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың заманауи құралы;

        - ерекше лицензияланған контентті пайдалану, оны үнемі жаңартып отыру (айына 1000-ға жуық басылым);

      - университет мазмұнына ашық немесе жабық қолжетімділік;

      - ғылыми білім мен әлеуетті халықаралық деңгейде ілгерілету мүмкіндігі;

      - мамандандырылған ұйымдардың сараптамалық қорытындыларымен көру қабілеті бұзылған адамдар үшін заманауи бейімделу технологияларын енгізу;

        - университеттердің EIOS/LMS-пен тиімді интеграциясы;

      - студенттің цифрлық  профилін қалыптастыру;

      - заманауи цифрлық  материалдар мен оқытушыларға арналған қызметтер (өз пәндері бойынша әдебиеттерді жылдам таңдау модулі), т.т.

      Электрондық ресурстарға кіру және қарау логин мен пароль арқылы жүзеге асырылады, оны кітапхананың  Цифрлық қызмет көрсету бөлімінен алуға болады.

      Ресурсқа қол жеткізу 2023 жылдың маусым айының соңына дейін ұзартылды!

      Барлықтарыңызды  IPR SMART басылымдарын ғылыми және білім беру қызметінде пайдалану мүмкіндігін жіберіп алмауға және осы дерекқордың қажеттілігін бағалауға шақырамыз.

      Бөлісу: