Веб-семинарға шақырамыз!



    • Веб-семинарға  шақырамыз!

      Құрметті оқытушылар мен білім алушылар!

      2023 жылдың 09 маусым күні сағат 15:00-де Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің кітапханасы EBSCO өкілдерімен бірлесіп «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғылыми, практикалық және білім беру қызметінде толық мәтінді ғылыми ресурстарға (кітаптар мен журналдар) қол жеткізу және пайдалану» тақырыбында веб-семинар ұйымдастырады. Веб-семинарда  EBSCOhost платформасында біздің университетте қолжетімділігі бар толық мәтінді журналдар және кітаптардың  электрондық ресурстарымен танысасыздар.

      EBSCO компаниясының өкілі, тұтынушыларды оқыту жөніндегі маман Ирина Сержан келесі мәселелер бойынша мәлімет береді:

      • журнал мақалалары мен электронды кітаптарға қалай және қайдан қол жеткізуге болады;

      • ең дәл іздеу нәтижелерін алу үшін іздеу сұрауын қалай құрастыру керек;

      • ресурстармен жұмыс істеу кезінде қандай шектегіштер мен кеңейткіштерді қолдануға болады;

      • табылған материалды қалай жүктеуге, жіберуге, цитата келтіруге, экспорттауға болады;

      • Тақырыптық рубрикатор арқылы іздеу сұрауын қалай құрастыруға болады;

      • Неліктен сізге платформада жеке кабинет қажет;

      • Электрондық кітаптарды жүктеп алу мүмкіндіктері туралы..

      Веб-семинарға  алдын ала

      https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_0cEiAuraT2isWNTRV7cJDA сілтемесі бойынша тіркеліңіздер.

      Кітапхана оқырмандарына маусым айының соңына дейін ҚазҰлтҚызПУ- да EBSCO компаниясының үш электронды ресурстарына қолжетімділік ашық екенін еске салады.

      Университет аумағына Серверге қосылған кез келген компьютерден кіруге болады. Ресурсты қашықтан пайдалану үшін https://search.ebscohost.com  сілтемесі арқылы кіресіздер. Логин мен парольді кітапхананың Цифрлық қызмет көрсету бөлімінен (Электрондық оқу залы, 2 қабат) алуға болады.

      Пайдаланудың қарапайымдылығы үшін барлық 3 ресурс бір платформада орналастырылған.

      Кітапхана сіздерді вебинарға шақырады және сіздерен осы дерекқордың қажеттілігін бағалауды сұрайды.

      Бөлісу: