Назар аударыңыз: Хабарландыру!



    • Назар аударыңыз: Хабарландыру!

      АЛМАТЫ. 1 маусым. Баспасөз орталығы – Құрметті педагогикалық қызметкерлер, ЖОО бітіруші курстарының студенттері, магистранттар мен докторанттар!

      «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 21 филиалында және Түркістан қаласында ашылатын Назарбаев Зияткерлік мектебінде педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың бос орындарына конкурс өткізуін жариялайды.

      Сіздерді педагогикалық қызметкерлердің: мұғалім, психолог, педагог-куратор мен тәрбиеші конкурстық іріктеуіне қатысуға шақырамыз.

      Зияткерлік мектепте қызмет атқара отырып, Назарбаев Университетінде магистратура және «Болашақ» бағдарламаларымен оқып, біліктілік деңгейіңізді көтеруге және кәсіби өсу мүмкіндігіңіз бар.

      Бәсекеге қабілетті жалақы мен тартымды әлеуметтік пакет кепілдендірілген.

      «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы – орта білім беру жүйесіндегі жаңа форматтағы табысты ұйым.

      Сіздерді дарынды және талантты балаларды оқытатын қазақстандық және шетелдік мұғалімдердің бірегей қоғамдастығында жұмыс істеуге шақырамыз!

      Толық ақпаратты www.nis.edu.kz сайтынан ала аласыз.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: